Ақтауда әйел 9-қабаттан құлап, мерт болды, деп хабарлайды Massaget.kz.
Қайғылы оқиға 8-шағын ауданда болған. Полиция тергеу жүргізіп жатыр.
№16 үй тұрғындарының айтуынша, 2 шілдеде сағат 13.00 шамасында қатты дауысты естіген. Олардың сөзінше, әйел жерде жатқан. Тұрғындар қаза тапқан әйел 9-қабатта пәтер жалдағанын жеткізді. Ал таңертеңнен бері пәтерден айғай-шу естілген.
Полиция департаментінің өкілі оқиға орнында 48 жастағы әйелдің мәйіті табылғанын мәлімдеді. Бұл дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабы бойынша тіркелген.