Екібастұзда пәтерден ер адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы қалалық Төтенше жағдайлар басқармасына сілтеме жасап.
Басқарманың мәліметінше, 10 шілде күні сағат 20:04-те 112 пультіне пәтерден шіріген иіс шығып жатқаны туралы хабарлама келіп түскен.
Бөлімше инспекторы да оқиға орнына келген. Құтқарушылар учаскелік инспектор мен марқұмның туыстарымен бірге екінші қабаттың балконына баспалдақ қойып, пәтерге балконның ашық тұрған есігінен кірген. Сыртқы есікті іштен ашуға тура келді, - делінген хабарламада.
Пәтерге кірген құтқарушылар мен туыстары үйдің бөлмелерінің бірінен ер адамның мәйітін көрген.
Бұл оқиғаға қатысты полицейлер түсінік берген жоқ.