$ 443.72  482.28  4.9

Ақтөбе облысында жол апатынан екі жүргізуші де қаза тапты

Үш жолаушы жедел түрде ауруханаға жеткізілді.
Фото: Видеодан алынған кадр
Фото: Видеодан алынған кадр

Ақтөбе облысында адам өліміне әкеліп соқтырған жол апаты болды, деп хабарлайды ІІМ баспасөз қызметі.

Оқиға бүгін «Ақтөбе-Орынбор» автожолының 20 шақырымында ВАЗ-2111 және ВАЗ-2115 автокөліктерінің соқтығысуымен болды.

Салдарынан екі көлік жүргізушісі оқиға орнында қаза тапты. Үш жолаушы жедел түрде ауруханаға жеткізілді. ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары