23.07.2023, 14:30

Талдықорғанда жеңіл көлік пен скутер соқтығысып қалды (ВИДЕО)

Фото: instagram.com/taldykorganec.insta
Оқиға қаладағы Сланов пен Абылай хан көшелерінің қиылысында болған.

Талдықорғанда жантүршігерлік көлік апаты бейнебақылау камерасына түсіп қалды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Кадрлардан бұрылыстан бірнеше скутердің шыққанын көруге болады.

Оның бірі жолды кесіп өтпек болғанда жеңіл көлікке соқтығысады. Оқиға Талдықорған қаласындағы Сланов пен Абылай хан көшелерінің қиылысында болған.

13 жасар жасөспірім түрлі дене жарақатымен ауруханаға түсті. Қазір бұл факті бойынша ҚР ҚК 345-бабы бойынша тергеу басталды. Қажетті сараптамалар тағайындалды, - делінген Жетісу облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарламасында.