26.07.2023, 05:30

Алматыда оқушы қызды жүк көлігі қағып кетті

Фото Әлихан Сариев
Дәрігерлердің айтуынша, қыз жабық бас сүйек-ми зақымын алған, миы шайқалған, қол-аяғы жарақаттанған.

25 шілде күні түсте Алматыдағы барахолка базарында оқушы қызды жүк көлігі қағып кетті: қыздың отбасы жолды рұқсат етілмеген жерден кесіп өткен, деп хабарлайды Zakon.kz.

Әлеуметтік желіде болған жайттың бейнежазбасы жарияланды.

Жүк көлігінің жүргізушісі Солтүстік айналма жолымен келе жатып, жолды рұқсат етілмеген жерден кесіп өтіп бара жатқан жаяу жүргіншіні қағып кеткен. Жәбірленуші ауруханаға жатқызылды. Жетісу аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері жол-көлік оқиғасының мән-жайын анықтап жатыр, – деп хабарлады Алматы қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Көлік қағып кеткен 15 жасар қыз Алматы қаласындағы Балалар жедел медициналық жәрдем орталығына шұғыл түрде жатқызылған.

Бала жол апатынан зардап шекті: қызды Солтүстік айналма жолының бойында жүк көлігі қағып кеткен, соққының салдарынан қыз бірнеше метрге ұшып кетіп, басы асфальтқа тиген. Қабылдау бөлімінде клиникалық-зертханалық зерттеулер мен мамандардың консультациясы жүргізілді, - деді Алматы қаласы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Дәрігерлердің айтуынша, қыз жабық бас сүйек-ми зақымын алған, миы шайқалған, қол-аяғы жарақаттанған. Қазір ол Балалар жедел медициналық жәрдем орталығының нейрохирургия бөлімінде ем алып жатыр.