$ 482.77  509.71  5
Оқиғалар 31.07.2023 сағат 15:00

Алакөлге демалуға барған ер адам аяғынан айырылды

Аяғы тізеден жоғары жұлынған.
Алакөлге демалуға барған ер адам аяғынан айырылды
Фото: © Sputnik

Алакөлде су мотоциклінің астына түскен ер адамның аяғы жұлынып кетті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Оқиға кеше Ақши ауылының маңында болған. Әлеуметтік желіде зардап шеккен демалушының видеосы пайда болды. Ол суға бара жатқанда құтқармақ болған өзге турист су көлігімен қағып кеткен. Аяғы тізеден жоғары жұлынған.

Полиция тергеуді бастады. Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, 39 жастағы ер адамның жағдайы ауыр, жасанды тыныс алу аппаратына қосылған.

Серіктес жаңалықтары

Соңғы жаңалықтар