$ 443.37  474.49  4.83

Жетісу облысында жол-көлік апатынан 4 адам қаза тапты

Апат Алматы-Өскемен автожолының 453-шақырымында болды.
Фото: polisia.kz
Фото: polisia.kz

Жетісу облысында жол апатынан төр адам қаза болды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Бұл туралы Рolisia.kz сайты жазды.

Апат Алматы-Өскемен автожолының 453-шақырымында болды.

Hyundai Veracruz көлігінің 38 жастағы жүргізушісі басып озу маневрін жасау кезінде рульге ие бола алмай қалған. Салдарынан Daf FTXF 105 ауыр жүк көлігімен соқтығысқан. Кейін инерциямен Volkswagen Passat көлігіне соғылған.

Апаттан Hyundai жүргізушісі және оның үш жолаушысы сол жерде көз жұмды. Аталған көлікте болған тағы үш бала түрлі дене жарақаттарымен аудандық ауруханаға жатқызылды.

Сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды, - делінген мәліметте.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары