Талдықорғанда төрт жасар бала демалыс орталықтарының біріндегі бассейнге батып кетіп, көз жұмды. Бұл туралы облыстық Төтенше жағдайлар департаменті мәлімдеді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
2023 жылдың 1 тамызында Талдықорған қаласының Жедел жәрдем пультіне қаладағы отбасылық демалыс орталықтарының бірінде бассейндегі суға баланың батып кеткені туралы шақыру келіп түскен.
Шақыру орнына келгеннен кейін, ересектердің қарауынсыз қалған 2019 жылы туған бала бассейнге құлап, суға батып кеткені анықталды. Жедел жәрдем бригадасы алғашқы медициналық көмек көрсетті, бірақ, өкінішке қарай, баланы құтқару мүмкін болмады, - делінген хабарламада.