$ 443.37  474.49  4.83

Қостанайда астық қоймасына найзағай түскен

Зардап шеккендер жоқ.
Фото: gov.kz
Фото: gov.kz

Қостанайдағы астық қоймасын найзағай жарып жіберді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Бұл туралы ТЖМ Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті мәлім етті.

Белгілі болғандай, 1 тамызда сағат 21.50 шамасында «Компания САЛАМАТ» ЖШС диірмен кешенінің аумағында құрылыстар құлаған.

Алдын ала ақпараттарға сәйкес құрылыстарға найзағай тиген. Бұл жағдай авария ретінде тіркелді, - деп хабарлады ТЖМ ӨҚК Қостанай облысы бойынша департаменті.

Зардап шеккендер жоқ.

Оқиға орнында ТЖМ Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Қостанай облысы бойынша департаментінің қызметкерлері жұмыс істеп жатыр.

Барлық қатысы бар адамдар анықталғаннан кейін департамент жанынан аварияны тергеу жөніндегі комиссия құрылады. Тергеу қорытындысы қосымша хабарланады, – делінген хабарламада.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары