Қарағанды облысындағы «Қазақстан» шахтасында тағы бір жұмысшының денесі табылды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
«Шахтада авариялық-құтқару жұмыстары түнімен жүргізілді. Сағат 8:15-тегі жағдай бойынша тағы бір жұмысшының денесі табылды. Қазір мәйітті беру шаралары жүріп жатыр.
Қазіргі уақытта өртті оқшаулау бойынша 4 бөлімше жұмыс істеуде, олар авариялық өндірістен температураны түсірумен айналысып жатыр. Қалған жұмысшыларды іздеп-табу үшін тағы 3 бөлімше тау-кен шығарындыларын тексеруге жұмылдырылған. Жұмысшыларымызды жедел іздеп-табуға барлық шара қабылданып жатыр, - деді «АрселорМиттал Теміртау» АҚ атқарушы директорының орынбасары Сергей Огай.