18.08.2023, 11:40

Ақмола облысында ер адам кәріз құдығына құлап көз жұмды

Фото: pixabay
Туыстарына қонаққа келген 66 жастағы ер адам кәріз құдығына құлаған.

Ақмола облысында 66 жастағы ер адам кәріз құдығына құлап көз жұмды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, қайғылы жағдай Шортанды ауданындағы ауылдардың бірінде болған.

Жазатайым оқиға түнгі уақытта, жеке үйдің ауласында болды. Туыстарына қонаққа келген 66 жастағы ер адам кәріз құдығына құлаған. Қазіргі уақытта полиция бөлімі болған оқиғаның мән-жайын анықтауға бағытталған тексеру іс-шараларын жүргізіп жатыр. Сараптама тағайындалды, - деді ведомстводан.