18.08.2023, 22:30

Ақтөбеде 26 жастағы қыз көпқабатты үйдің терезесінен құлап, мерт болды

Фото: elements.envato.com
Ол алған жарақаттарынан жедел жәрдем бригадасы келгенге дейін қайтыс болды.

Ақтөбеде қыз көпқабатты үйдің терезесінен құлап кетті, деп хабарлайды Polisia.kz.

18 тамыз күні жедел басқару орталығына көпқабатты үйдің балконынан қыздың құлағаны туралы хабар түсті.

Полиция қызметкерлері тоғыз қабатты үйдің 7-қабатының балконынан секірген 26 жастағы қыздың мәйітін тапты.

Ол алған жарақаттарынан жедел жәрдем бригадасы келгенге дейін қайтыс болды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.