21.08.2023, 17:00

Алматыдағы Әл-Фараби даңғылында ірі жол апаты болды

Фото: Видеодан алынған кадр
Оқиға орнынан түсірілген видео Instagram-парақшаларда пайда болды.

Алматыдағы Әл-Фараби даңғылында ірі жол апаты болды, деп хабарлайды Massaget.kz. 

Жүк көлігі бірнеше көлікпен соқтығысты. Оқиға орнынан түсірілген видео Instagram-парақшаларда пайда болды.

Әл-Фараби даңғылы бойындағы ірі жол апаты салдарынан жол қозғалысы тоқтатылды, оның мән-жайы анықталып жатыр, - делінген видеоның сипаттамасында.

Куәгерлердің айтуынша, жүк көлігіне бордюрлар тиелген. Оның тежегіші істен шығып, ол қарсы жолаққа шығып кеткен.

Әзірге зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ.