Қызылорда облысында «Ақшабұлақ«кен орнындағы өртке байланысты полиция тергеу жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы полицияға сілтеме жасап.
«Ақшабұлақ» кен орнында цистерна жарылып, өрт шыққан. Салдарынан бір адам оқиға орнында қайтыс болып, 3 адам облыстық аурухананың жансақтау бөліміне жатқызылса, бір адам медициналық мекемеге көрініп үйіне қайтарылды, - делінген хабарламада.
ҚР ҚК 156-бабының 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Тиісті сараптамалар тағайындалып, мән-жай анықталуда.