Алматыда көше ортасында кішкентай қызға тиіспек болған күдікті ұсталды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Бұған дейін Алмалы ауданында тұрғындар қыздың айқайлаған дауысын естігені туралы ақпарат түскен. Болған оқиғаның видеосы желіге шыққан еді.
Полицияда аталған дерек Алмалы аудандық полиция басқармасына қарасты полиция бөлімімен тіркеліп, тергеу басталғанын хабарлады.
Айыпталушы жауапқа тартылды. Басқа да мән-жайлар анықталуда, - деп жазды қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.