$ 441.58  480  4.86

Алматыда автокөлік аялдамаға соғылды: жеті адам жарақат алды (ВИДЕО)

Олар қаладағы медицина мекемесіне жеткізілді.
Фото: Видеодан алынған кадр
Фото: Видеодан алынған кадр

Алматыда Mercedes көлігі аялдамаға соғылып, салдарынан 7 адам зардап шекті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Жол апаты туралы ақпарат әлеуметтік желіде тараған. Полиция мәліметінше апат 28 тамызда 12:20 шамасында болған. 

1987 жылы туған көлік жүргізушісі Абылай хан даңғылы бойымен келе жатып, Райымбек даңғылына бұрылғанда тізгінге ие бола алмай қалған. Салдарынан аялдамаға соғылыпты.

Жол апаты салдарынан 7 адам жарақат алды. Олар қаладағы медицина мекемесіне жеткізілді. Жол-көлік оқиғасы Алмалы аудандық полиция басқармасында тіркелді, – делінген хабарламада.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары