Қазақстан сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияровтың айтуынша, 1 қыркүйекте Қазақстанның Тайландтағы елшілігіне Пхукет аралдарында Қазақстан азаматы суға батып кетті деген ақпарат түскен, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Ол ақпаратты тексеру үшін біздің консул жергілікті полиция қызметкерлерімен байланысты. Екі күн іздестіру жұмыстары жүргізілген. Үшінші күні азаматтың денесі судан шығарылды. Екі күн суда болғаннан кейін денені тану қиын. Әке-шешесі полицияға барып, мәйіттің баласы екенін таныды, - деді ол.
Ол атағандай, азамат бірнеше ай Таиландта болған.
Ол 15 жасынан шетел аралап жүрген блогер бала. Оның отбасына қажетті көмек көрсетіледі. Сол жақтағы әріптестеріміз отбасының жанында,- деді Смадияров.