$ 494.87  520.65  4.91

Батыс Қазақстанда жол апатынан 6 адам қаза тапты

Олар: 34 және 33 жастағы ересек адамдар, 11, 12, 5 және 1 жастағы кәмелетке толмаған балалар.
Фото: Pixabay
Фото: Pixabay

Батыс Қазақстан облысында жантүршігерлік жол-көлік апатынан 6 адам қаза тапты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Полция мәліметінше, қайғылы оқиға 17 қыркүйекте сағат 19:30 шамасында Теректі ауданы Бекей кентінің жанында Самара – Шымкент республикалық маңызы бар автожолының 290-шақырымында болған.

Ауыр жүк көлігі DAF фурасымен Lada Priora жеңіл көлігі соқтығысып, жол-көлік оқиғасы болды. ЖКО салдарынан 6 адам қаза тапты. Олар: 34 және 33 жастағы ересек адамдар, 11, 12, 5 және 1 жастағы кәмелетке толмаған балалар. Жүк көлігінің 37 жастағы жүргізушісі зардап шекті, - деді патрульдік полиция батальоны командирінің орынбасары Шыңғыс Бірманов.

Оқиғаның толық мән-жайын анықтау мақсатында оқиға орнында полиция қызметкерлері жұмыс жасап жатыр.  

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары