Астанада жас баланы қинап өлтірген бала күтуші мен оның көңілдесіне сот үкімі шықты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы қалалық прокуратураға сілтеме жасап.
Қалалық прокуратура өкілдері хабарлағандай, кінәлі адамдар балаға қарсы қатыгез қылмыс жасағаны үшін жазаланды.
Бала күтуші мен бірге тұратын көңілдес адамы жас баланы физикалық зорлық-зомбылыққа ұшырату нәтижесінде оның өліміне әкеп соқты. Қала прокуратурасының үйлестіруімен жедел-тергеу тобы құрылды. Жедел және объективті тергеп-тексеру қамтамасыз етілді.
Сотта мемлекеттік айыптаушымен аталған адамдардың кінәсі туралы бұлтартпас дәлелдер келтірілді, олар 17 және 23 жылға сотталды, - делінген хабарламада.
Үкім заңды күшіне енді.