$ 494.87  520.65  4.91

Батыс Қазақстанда деструктивті діни ағым өкілі өзіне көнбеген қызды бес рет пышақтаған

Пышақтаған жігіт менің отбасым бар, балам бар деп жылаған.
Фото: polisia.kz
Фото: polisia.kz

Батыс Қазақстан облысында деструктивті діни ағымның өкілі  өзіне көнбеген қызды бес рет пышақтаған күдікті ұсталды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы El.kz-ке сілтеме жасап.

Жұмысынан түнде шыққан бойжеткенге бейтаныс жігіт күш көрсетіп, көшеде зорламақ болған. Бірақ қыз дегеніне көнбегесін, мойны мен бетінен бес рет пышақтап, қашып кеткен. Қансыраған қыз үйіне келгесін, жедел жәрдем шақырып, полицияға хабарласқан. Қазір күдікті ұсталып, қамауда отыр, бірақ туыстары оған тағылған айыппен келіспейді. 

Өлтіргісі келді. Біз солай ойлаймыз. Өйткені мойнына, басына пышақ тыққан. Ол өлтіргісі келді менің сіңлімді. Полиция менің сіңлімді қорқытты: сенімен ештеңе болған жоқ, жүрсің аяғыңмен, өлген жоқсың деп. Пышақтаған жігіт менің отбасым бар, балам бар деп жылаған. Аямау керек деп ойлаймын ондай адамдарды, - жәбірленушінің туысы Айгүл Әлиева.

Жәбірленушінің туыстары күдіктінің адам өлтірмек болғанына сенімді. Енді осыны дәлелдеу үшін прокуратураға шағымданбақ. Полиция дерегінше, күдікті 34 жастағы азамат.

Тексеру жұмыстарын жүргізу кезінде ұсталған азамат деструктивті діни ағымның ұстанушысы екені анықталды. Күдікті ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 128-бабына сәйкес уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сондай-ақ оған қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 24-бабы – 120-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, - дейді БҚО экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкері Гүлсайран Албидақова.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары