Алматыда өгей әке 4 жасар баланы соққығы жығып, соның салдарынан бүлдіршін көз жұмды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Жантүршігерлік оқиға туралы «НеМолчи» қорының жетекшісі Дина Таңсәрі желідегі парақшасында хабарлады.
«НемолчиKZ» қорына жантүршігерлік ақпарат келіп түсті. 4 жасар сәбиді өгей әкесі ұрып өлтірген. Наурызбай ауданының полиция бөлімінен осы ақпаратты растауды немесе жоққа шығаруды сұраймыз! - делінген жазбада.