$ 498.34  519.72  4.85

Шымкентте 7 жасар қызды КамАЗ қағып кетті

Дәрігерлер оқушының жағдайын ауыр деп бағалап отыр.
Фото: NewTimes.kz
Фото: NewTimes.kz

Шымкентте КамАЗ жүк көлігі оқушыны қағып кетті. 7 жасар қыз шұғыл түрде ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Дәрігерлер оған операция жасап, қазіргі таңда оның жағдайын тұрақты ауыр деп бағалап отыр.

Оқиға 21 қыркүйек шамамен сағат 13:10-да «Асар-2» шағынауданында болған. Жол апатынан кейін жедел жәрдем көлігімен ауруханаға жеткізілген оқушыға екі аяғының ашық сынуы диагнозы қойылған.

Полиция мәліметінше, аталған факт «Жол қозғалысы ережелерін бұзған кезде адам денсаулығына ауыр зиян келтіру» бабы бойынша тіркелді. Сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Сараптамалар тағайындалды, оның нәтижелері бойынша процессуалдық шешім қабылданады. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары