$ 443.44  480.51  4.88

Павлодар - Астана автожолында жолаушылар автобусы жанып кетті

Оқиға орнына жеке құрамнан үш адам және № 13 өрт сөндіру бөлімінен бір техника шықты.
Фото: Павлодар облыстық ТЖД баспасөз қызметінен
Фото: Павлодар облыстық ТЖД баспасөз қызметінен

Павлодар - Астана автожолында жолаушылар автобусы отқа оранды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, Павлодар - Астана автожолында Қалқаман кентінің маңында жолаушылар автобусы жанып жатқаны туралы хабарлама түскен.  

Оқиға орнына жеке құрамнан үш адам және № 13 өрт сөндіру бөлімінен бір техника шықты. Жану аумағы 24 шаршы метрді құрады, – деді департаментте. 

Автобуста жолаушылар болмаған, жүргізуші зардап шеккен жоқ. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары