$ 495.2  522.34  4.94

Қарағандыда көлік бағанға соғылып, жүргізуші қаза тапты (ВИДЕО)

51 жастағы жүргізушісі рөлге ие бола алмай көше шамының темір бағанына соғылған.

Қарағандыда темір тірекке соғылған жеңіл көліктің жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы eKaraganda-ға сілтеме жасап.

Lada көлігінің 51 жастағы жүргізушісі рөлге ие бола алмай көше шамының темір бағанына соғылып, артынша қатты соққыдан ағашқа соғылған. Ер адам оқиға орнында қаза тапты, - делінген хабарламада.  

Аталған дерек полицияда тіркеліп, тиісті сараптамалар тағайындалды.

Полиция сараптама қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданатынын айтты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары