Қарағандыда темір тірекке соғылған жеңіл көліктің жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы eKaraganda-ға сілтеме жасап.
Lada көлігінің 51 жастағы жүргізушісі рөлге ие бола алмай көше шамының темір бағанына соғылып, артынша қатты соққыдан ағашқа соғылған. Ер адам оқиға орнында қаза тапты, - делінген хабарламада.
Аталған дерек полицияда тіркеліп, тиісті сараптамалар тағайындалды.
Полиция сараптама қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданатынын айтты.