$ 494.87  520.65  4.91

Елордалық ер адам дәмхананың ыдыс-аяғын сындырып, үстелдерді қиратқан

ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы «Бұзақылық» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков
Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Елордадағы дәмханалардың бірінде ер адам масаң күйде ыдыс-аяқтарды сындырып, үстелдерді қиратқан, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Астана қалалық Полиция департаментіне сілтеме жасап.

Оқиға түнде болған. Бұзақы дәмхана ішіне кіріп, айналадағының бәрін себепсіз қирата бастаған – ыдыс-аяқ, орындықтар мен үстелдерді сындырған.

Оқиға орнына келіп жеткен полиция қызметкерлері ер адамды полиция бөліміне жеткізді.

Оның жеке басы анықталды: 36 жастағы елорда тұрғыны болып шықты. Медициналық куәландыру қорытындысына сәйкес, ол орташа дәрежеде мас болған.

Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы «Бұзақылық» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Ер адам Астана қалалық Полиция департаментінің Уақытша ұстау изоляторына жеткізілді. Оның елордада жасалған осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталып жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары