$ 442.05  474.14  4.74

Израиль мен Палестина қақтығысты: жүздеген адам көз жұмып, тағы мыңдағаны зардап шекті

Израильдің 750 тұрғыны із-түзсіз жоғалғандар қатарында.
Фото: bangkokbook.ru
Фото: bangkokbook.ru

Кеше ХАМАС Израильге шабуыл жасап, елдің оңтүстігіне кірді. Израиль бұған жауап ретінде Газаға әуе шабуылын жасап, әскери операция бастады. Бүгінгі күні жүздеген тұрғын қаза тауып, тағы мыңдаған адам жарақат алды, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Jerusalem Post X хабарлауынша, елге жасалған шабуылдан кейін кем дегенде Израильдің 750 тұрғыны із-түзсіз жоғалғандар қатарында. Қаза тапқандар саны 300-ге жетті.

Ал зардап шегіп, ауруханаға жатқандар саны 1864-ке жетті деп хабарлайды Times of Israel басылымы елдің Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап. Оның ішінде 19 адамның жағдайы аса ауыр, 326 адам ауыр жараланған, 359 адам орташа ауыр жағдайда. Тағы 821 адам жеңіл жарақат алған және 20 адам травматикалық стресстен ем қабылдауда. Сонымен бірге 223 адам медициналық бақылауға алынған. ХАМАС басқаруындағы Газа секторының Денсаулық сақтау министрлігі 256 адамның қаза болып, 1788 адам жарақат алғанын мәлімдеді.

Олардың басым көпшілігі Израильдің Газа секторына қарсы соққысы салдарынан қаза тапқан, - деп жазады газет.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары