$ 442.05  474.14  4.74

Астанада 18 жастағы бойжеткеннің денесі табылды

Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
Фото: yandex.kz
Фото: yandex.kz

Астанада сауда орталықтарының бірінің ғимараты артындағы қуыстан 18 жасар бойжеткеннің денесі табылды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Желі қолданушылары қалада 18 жасар қызды өлтіріп, көміп кеткені туралы жазды. Полиция бойжеткеннің денесі табылғанын растады, бірақ оның жасын нақтыламады және денені көміп тастады деген қауесетті жоққа шығарды.

Елордалық полиция қалтарыстан күштеп өлтіру белгісі жоқ қыздың денесін табу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Кешенді жедел тергеу іс-шараларының кешені өткізіледі. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Бірқатар сараптамалар тағайындалды, - деп хабарлады ПД.

Астана қалалық Полиция департаменті қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталып жатқанын нақтылады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары