$ 443.37  474.49  4.83

Шымкентте 8 жасар баланы көлік қағып өлтірді

Қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Фото: Otyrar.kz
Фото: Otyrar.kz

Шымкентте сегіз жасар баланы көлік қағып өлтірді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Оtyrar.kz сайтының жазуынша, қайғылы оқиға 7 қазанда кешкі сағат 20:00 шамасында болған.

Арғынбеков көшесінде BMW жүргізушісі баланы басып кеткен. Оқушы жаяу жүргіншілер өткелінде жол ережесіне сәйкес жолды кесіп өткен. Жеткіншек оқиға орнында көз жұмды, - делінген хабарламада.

Жүргізуші 40 жастағы ер адам болған. Полицейлер жүргізушінің мас болғанын немесе баланы байқамай қалғанын анықтап жатыр.

Қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары