$ 448.89  477.93  4.76

Алматы облысындағы қарттар үйінде зейнеткер тірідей өртеніп кетті

Ақсақал отқа оранған сәтте қасында не медбике, не күтуші болмаған.
Фото: newtimes.kz
Фото: newtimes.kz

Қонаев қаласында қарттар үйінің тұрғыны тірідей өртеніп кеткен, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Информбюро бағдарламасына сілтеме жасап.

Қария жатқан бөлмеде оттың нақты неден шыққаны белгісіз. Ақсақал отқа оранған сәтте қасында не медбике, не күтуші болмаған. Тіпті мекемедегі өрт қауіпсіздігі құрылғылары да іске қосылмапты. Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығының мамандары қарт кісі бөлмесінде темекі тартқан болуы мүмкін дейді. Пікірлерінше, бұл өрттің тұтануына себеп болды. Оның денесінің 75%-ын күйік шалып, көз жұмды.

Қонаев қаласындағы арнаулы әлеуметтік орталық қызметкерлері сол күні екі кезекті күтуші қарттардың жөргектерін ауыстырып, медбикелер денсаулық жағдайларын тексеріп жүргенін айтады. Өрттің белгілері де болмапты. Ал кезекші бөлменің есігін ашқанда, ақсақалдың өртеніп жатқанын көрген.

Күтуші қыз бетіне су шашқан. Артынан екі медбике келген. Енді ол кісілер алғашқы көмек көрсетіпті. Бірден жедел жәрдем қызметін шақырған. Олар 6-7 минуттың ішінде келді, - деді шаруабике Роза Жамансарина. 

Шаруабикелердің айтуынша, марқұм қария темекі тартқан. Ал шылымның шоғы үстіндегі киімге құлап, өртенген екен. Киімде шоқ іздері жатыр. Медбикелер кіріп, қарияның үстіне су төгіп жалынды өшірген. Бірақ өрт сөндіретін құрылғылар істемей қалған. 

Мұндай болуы мүмкін, білмейміз ғой. Жазым оқиға. Ешкім мұндай боларын білген жоқ. Білсе, әрине, қасында отыратын едік. Біз жалғыз бұл кісіге де қарап отыра алмаймыз, - деді аға мейірбике Жанар Байсабаева. 

Дәрігерлер қария ауруханаға ауыр хәлде жеткізілгенін айтады. Ол бірден жансақтау бөліміне жатқызылған. Алайда жарақаты тым ауыр болғандықтан, көз жұмыпты.

Басы, мойыны күйген, тіпті көзін күйік шалған. Кеудесі, іші, білегіне дейін екі қолы мен тобығындағы жараның тереңдігі 2-3 АБ, - деді травматолог Шерзод Нуруллаев.

Қазір қарияның неден мерт болғанын анықтау үшін сот-сараптама жұмыстары жүргізіліп жатыр. Төтенше жағдайлар департаменті мекемеде қауіпсіздік талаптары бұзылғанын растады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары