$ 443.44  480.51  4.88

Жамбылдық полицейлер заңсыз алтын өңдеу цехын анықтады

Тексеру барысында жалпы салмағы 1 тоннаға жуық әртүрлі тастар табылып, тәркіленді.
Фото: polisia.kz
Фото: polisia.kz

Жамбыл облысында құрамында бағалы металдар бар шикізатты заңсыз өңдейтін шағын цех анықталды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Жедел ақпаратты жүзеге асыру барысында Мойынқұм аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері Мойынқұм ауылының 54 жастағы тұрғынының жеке тұрғын үйінің қосалқы ғимаратында құрамында бағалы металдар бар шикізатты заңсыз өңдейтін шағын цехты анықтады. Тексеру барысында қуат көзіне қосылған 3 қолдан жасалған ұсақтағыш, сондай-ақ жалпы салмағы 1 тоннаға жуық әртүрлі тастар табылып, тәркіленді.

Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 295-1-бабының 1-бөлігі (Бағалы металдар мен асыл тастардың, құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларының заңсыз айналымы) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды. Сараптама тағайындалды, - делінген ведомство хабарламасында.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары