16.10.2023, 15:20

Алматыда қар көшкінінің астында қалған шаңғышының денесі табылды

Фото: pixabay
Шаңғышыны іздеу жұмыстары 15 қазанда басталған.

Алматыда қар көшкінінің астында қалған шаңғышының денесі табылды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Қалалық ТЖД мәліметінше, шаңғышыны іздеу жұмыстары 15 қазанда басталған.

Оқи отырыңыз: Алматы тауларында турист жоғалып кетті

«Тұйық су» мұздығының солтүстік беткейінде Р. және К. Есімді екі азамат шаңғы теуіп жүріп қар көшкінін тудырған. К. есімді ер адам шаңғымен төмен түсіп келе жаып қар көшкінінің астында қалған. Р. Есімді ер адам таудың қауіпсіз бөктерімен төмен түсіп, досының денесін қар астынан шығарып алған, – делінген ТЖД хабарламасында.

Құтқару қызметінің мамандары мәйітті Шымбұлаққа түсіріп, кейін Медеу аудандық полиция басқармасының жедел тобына тапсырды. Екінші жәбірленушінің жағдайы қанағаттанарлық. Оқиғаның жай-жапсары тергеу шараларынан кейін нақтыланады.