Израиль тарапы Газадағы Әл-Ахли баптистер ауруханасын атқылау салдарынан қаза тапқандар саны 500-ге жеткен, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Anadolu агенттігінің жазуынша, бұл туралы Газа денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз хатшысы Ашраф әл-Кудра хабарлаған.
Кудра Израильдің Газадағы Әл-Ахли баптистер ауруханасын атқылауынан қаза тапқандардың саны 500-ге жеткенін айтты.
Бұған дейін Палестина Денсаулық сақтау министрлігі шабуылдан кемінде 200 адамның қаза тапқанын хабарлаған еді.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының баспасөз хатшысы Тарик Джазаревичтің мәліметінше, 7 қазаннан бері Израиль армиясы Газа секторындағы медициналық мекемелерге 41 шабуыл жасағанын расталған. Ол Газа секторындағы денсаулық саласының ахуалы «аса алаңдатарлық күйде» деді.
Осы шабуылдан кейін Израильдің әрекеттеріне әлемнің белді ұйымдары мен бірқатар ислам мемлекеттері айыптау реакциясын білдірді. Олардың қатарында БҰҰ; ДДСҰ; Еуропалық одақ, Араб мемлекеттерінің лигасы, Африкалық одақ және UNICEF бар.