19.10.2023, 22:30

Астанада көліктен ер адамның мәйіті табылды

Фото: gov.kz
Ол көлік салонында жалғыз болған, зорлық-зомбылық белгілері жоқ.

Астанада тұрақтағы автокөліктен адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Қалалық полиция департаментінің хабарлауынша, 18 қазан күні автотұрақтағы көлік салонынан 49 жастағы ер адамның мәйіті табылған.

Ол көлік салонында жалғыз болған, зорлық-зомбылық белгілері жоқ. Факт сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелген. Қазіргі уақытта қажетті сараптамалар жүргізілуде. Қосымша ақпарат ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес жария етілмейді, - делінген қалалық ПД мәліметінде.

Дереккөз: ҚазАқпарат