$ 498.34  519.72  4.85

Қазақ тілін «мамбеттердің тілі» деп атаған қыз көпшілікті ашуландырды (ВИДЕО)

Ауылдан келгендер жынымды келтіреді.
Фото: видеодан скриншот
Фото: видеодан скриншот

Әлеуметтік желіде желіде қазақ тілін «мамбеттердің тілі» деп атаған Алматы тұрғынының видеосы тарап жатыр. Әлгі видеоны көрген желі қолданушылары ашуға булықты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Желі қолданушылары қыздың мәлімдемесіне байланысты оны жауапқа тартуға шақырды. 

Шынымды айтсам, қазақ тілін, яғни «мамбеттердің тілін» мүлде ұнатпаймын. Мамбеттер, ауылдан келгендер жынымды келтіреді, солардың кесірінен қаламызда кептеліс болып жатыр. Маған қазақ тілі, мамбет тілі, қырғыз тілі ұнамайды, – деген ол видеода. 

Осыған байланысты Алматы қалалық полиция бөлімі мәлімдеме жасады. 

Бұл дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 174-бабы (Әлеуметтiк, ұлттық, рулық, нәсiлдiк, тектік-топтық немесе дiни алауыздықты қоздыру) бойынша соталды тергеу жүріп жатыр. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, қажет шаралар қабылданады, - деді ПД өкілдері.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары