$ 441.44  473.09  4.75

LRT құрылыс алаңында бұрғылау қондырғысы көліктің үстіне құлап кетті (ВИДЕО)

Ешкім зардап шеккен жоқ.
Фото: видеодан скриншот
Фото: видеодан скриншот

Астанадағы LRT құрылыс алаңында бұрғылау қондырғысы құлап кетті. Темір қондырғының астында жеңіл көлік басылып қалды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Оқиға Сығанақ көшесінде болды.

«City Transportation Systems» ЖШС баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұрғылау қондырғысы Hyundai көлігінің корпусына түскен. Салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ.

Сығанақ көшесінде қада орнату бойынша бұрғылау жұмыстары жүргізіліп жатқан кезде қондырғы оң жақ шынжыр табанымен асфальттың бос жеріне құлады. Hyundai көлігі рұқсат етілмеген жерге қойылған. Салонда жолаушылар да, жүргізуші де болмаған. Аудан қоршалған.Оқиға орнында полицейлер жұмыс істеп жатыр. Зардап шеккендер жоқ, - деп хабарлады City Transportation Systems баспасөз қызметі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары