$ 494.87  520.65  4.91

Әйелдерден қорқатын ер адам 55 жыл бойы ауласынан шықпаған

Әйелдер оның ауласына азық-түлік тастап кетеді.
Фото: pixabay.com
Фото: pixabay.com

Руанда тұрғыны әйелдерден қорқып, 55 жыл бойы өз ауласынан шықпаған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Мир24 арнасының жазуынша, 71 жастағы Каллитксе Нзамвита биік дуалдың артында әйелдерден, жалпы, қоғамнан оқшауланып өмір сүреді. 

Осы жылдар ішінде оның үйінің табалдырығын бірде-бір әйел аттамаған. Әйелдер оған тамақ әкеліп, ауладан лақтырып кетеді. Нәзік жандылар алыстап кеткен соң ғана ол азық-түліктерді алуға барады екен. 

Африкалық ер адам  әйелдерден қорқатынын алғаш рет 16 жасында сезген. Сол кезден бері әйелдерден жасырынып өмір сүріп келеді. 

Руандалық азамат сирек кездесетін гинофобияға шалдыққан болуы мүмкін. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 1
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары