23.10.2023, 18:20

Желі қолданушылары жаратылысы ерекше балаға сүйсінді (ВИДЕО)

Фото: видеодан скриншот
Бұл бала биіктен көрінеді.

Әлеуметтік желіде екі көзі екі түсті бала көпшіліктің назарын өзіне аударды. Баланың видеосы желіде 2,7 миллионнан астам қаралым жинаған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Гетерохромиямен дүниеге келген баланы видеода түсіріп, TikTok қолданушыларының бірі желіге жариялаған. Видео 2,7 миллион рет қаралып, мыңдаған адам бүлдіршінге ыстық ықыласын білдірген.

Сұлтан Бейбарыстың көзі осындай болған”, “Алланың құдіреті шексіз”, “Сүйкімді екен, тіл-көзден сақтасын”, “Бір көзі анасына, бір көзі әкесіне ұқсаған ғой”, “Керемет, ерекше жаратылыс”, “Бұл бала биіктен көрінеді”, - десті көпшілік.

Айта кетейік, Гетерохромия әлемде халықтың 1% -дан азында ғана кездеседі. Бұл фактінің нақты ғылыми негізі әлі табылған жоқ. Әдетте, иристің әртүрлі түстері тұқым қуалаушылықпен түсіндіріледі. Ал мұндай ерекшелік көру қабілетіне кедергі емес.