$ 494.87  520.65  4.91

«Қазақтар әлемді жаулайды»: Қазақы нақышта киінген жігіт қытайлықтарды таңғалдырды (ВИДЕО)

Болашақта осылай киініп жүру сәнге айналады.

Фото: видеодан скриншот
Фото: видеодан скриншот

 

Әлеуметтік желіде қазақы ұлттық нақышта тігілген тақия, шапан, етік киіп жүрген жігіттің видеосы тарады. Ол қазақы стильдегі киімдерді киіп, көше бойымен жүріп өткен. Ал сол кезде оған көпшілік аузы ашылып қарап қалған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

ТікТок желісінде тараған видеолар, 1,2 миллионнан бастап, 2,1 миллионға дейін қаралым жинаған.

Қазақтың ұлттық киімі әлемдегі ең әдемі киім, - деп видео авторы жазба қалдырған.

Бұл бейнежазбаны көрген әлеуметітк желі қолданушылары оның пікірін қоштай жөнелді. Қазақтың ұлттық киімін киген жігітке ыстық ықыласын білдіріп, риза болды.

Болашақта осылай киініп жүру сәнге айналады», «Қытайлар таңғалуда. Бойы ұзын, келбетті, сымбатты жігітке қазақы киім керемет жарасады», «Қытайлықтар жанында ергежейлі сияқты», «Қазағымның керемет киіміне қарамайтын ел жоқ шығар керемет қой, көзге тартымды», «Қарай бергің келеді, шіркін!», «Қазағымның сұлтан жігіті, жер бетін таңғалдырып жүре бер», «Қазақтар әлемді жаулайды, - десті желі қолданушылары.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 143
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары