$ 494.87  520.65  4.91

«Алматы-Қорғас» тас жолында екі автокөлік соқтығысып, жанып кетті

Автомобильдердің бірінде дөңгелегі жарылып, нәтижесінде жүргізуші рульге ие болмай, басқа көлікпен соқтығысуға жол берді.

Фото: видеодан алынған кадр
Фото: видеодан алынған кадр

Жол апаты 18 қарашада Жаркент қаласының маңында екі Audi көліктерінің қатысуымен болды. Оқиға орнынан ауруханаға 5 адам жеткізілді, оның біреуі медициналық тексеруден кейін ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Polisia.kz мәліметінше, автокөліктер Алматы-Қорғас тас жолының 336 шақырымында соқтығысқан. Алдын ала болжам бойынша, автомобильдердің бірінде дөңгелегі жарылып, нәтижесінде жүргізуші рульге ие болмай, басқа көлікпен соқтығысуға жол берді. Бұл жағдай кейіннен екі шетелдік көліктің де өртенуіне себеп болды. Өртті оқиға орнына шақырылған өртке қарсы қызметінің өрт сөндірушілері өшірді.

Полиция апаттың барлық жағдайларын мұқият анықтауда.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары