$ 498.34  519.72  4.85

Шымкент тұрғыны үшінші қабаттан баланы лақтырып жіберді

Кейбір мәліметтер бойынша, 40 жастағы әйел психикалық денсаулық орталығында есепте тұрады.

Фото: Pixabay
Фото: Pixabay

Шымкентте 23 қараша күні кешкісін әйел баланы үшінші қабаттан лақтырып жіберді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Мәліметтерге сай, бала көптеген дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді, жағдайы ауыр.

Дәрігерлерге оқиғаның кешкі сағат 21:00 шамасында болғанын, туысы сәбиді терезеден лақтырып жібергенін куәгерлер айтты. Кейбір мәліметтер бойынша, 40 жастағы әйел психикалық денсаулық орталығында есепте тұрады. Оқиғадан кейін әйел психикалық ауруханаға жеткізілді.

Полиция тергеу жүргізіп жатыр.

Денсаулық сақтау басқармасында Zakon.kz тілшісіне хабарлағандай, бала облыстық балалар ауруханасында жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 2

Серіктес жаңалықтары