$ 443.35  475.54  4.82

Қордай ауданында 4 жасар баланың басы екі көліктің арасына қысылып қалған

Ұлын балабақшадан алып бара жатқан анасы басқа көлікті байқамай қалған.

 

 

Фото: pixabay.com
Фото: pixabay.com

Қордай ауданында болған жол апаты кезінде баланың басы екі көліктің арасына қысылып қалған. Салдарынан 4 жасар бала бас ми жарақатын алған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Жамбыл облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, 24 қарашада хабарлағандай, Қордай өңіріндегі жантүршігерлік жағдайдан кейін облыстық полиция ата-аналарға ескерту жасады.

Полицияның дерегінше, жол апаты салдарынан төрт жасар бала ми жарақатын алған. Ұлын балабақшадан алып бара жатқан анасы басқа көлікті байқамай қалған.

Полиция балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, ықтимал қауіптердің алдын алу және баланы олардан қорғау – ата-ананың басты міндеті екенін еске салады, – делінген облыстық ПД-нің хабарламасында.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары