26.11.2023, 20:30

Ақмола облысында өрттен үш бала қаза тапты

Фото: pixabay.com

Алты айлық сәби ғана аман қалды.

25 қарашада Ақмола облысы Рахымжан Қошқарбаев атындағы ауылда үй өртенді. Салдарынан  үш бүлдіршін қаза тапты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

716.kz-тің жазуынша, оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер өрттен екі жасар ұл мен алты жасар қыздың мәйітін алып шыққан. Кейін үйінді астынан тағы бір бала өлі күйінде табылды.

Алты айлық сәби ғана аман қалды. Бала оқиға орнына жеткен жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырылды.

Ақмола облысының өрт сөндірушілеріне өртті сөндіруге арнайы екі көлікпен келген 12 адамнан тұратын астаналық құтқарушылар көмектесті.

Құзырлы органдар әзірге басқа мәлімет берген жоқ.