Ол алған жарақатынан тіл тартпай кеткен.
Оралда әйел адамның басына кірпіш құлап, ол оқыс жағдайдан көз жұмды. Бұл қайғылы жағдай жайлы жергілікті “Мой город” басылымы жазды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Полицияның хабарлауынша, оқыс оқиға 26 қарашада болған. Әйел Назарбаев көшесіндегі №236 үйдің қасынан өтіп бара жатқан. Ол алған жарақатынан сол жерде көз жұмды, - делінген хабарламада.
Оқыс оқиғаның мән-жайын қазін жергілікті атқарушы органдардың көмегімен жедел тергеу тобы зерттеп жатыр. Полиция болған оқиғаны жіті тергеуге алған.