27.11.2023, 12:20

«Қазақмыс» компаниясының «Жайсан» кенішінде 2 адам қаза тапты

Фото: kazakhmys.kz

Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

«Қазақмыс» компаниясының «Жайсан» кенішінде 2 адам қаза тапты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпараттық порталы. 

Жамбыл облысындағы Ғ.Омаров атындағы шахта трестінің 1981 және 2002 жылғы қызметкерлері жарақат алып, қайтыс болған. 

Тау-кен жұмыстарын жүргізу кезінде Ғ. Омаров атындағы шахта проходкалау трестінің 1981 және 2002 жылғы үңгуші қызметкерлері өлімге алып келетін жарақаттар алды. Арнайы комиссия жазатайым оқиғаның мән-жайы мен себептерін анықтауда.

«Қазақмыс» компаниясының басшылығы мен еңбек ұжымы қаза тапқандардың туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады, делінген хабарламада. 

Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.