Қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Өскеменде автобус жүргізушісі жаяу жүргіншіні қағып кетті. Жаяу жүргінші алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
YK-news жазуынша, оқиға 28 қараша күні сағат 6:00 шамасында Абай даңғылында болған.
«Гаванский көпірі» аялдамасы ауданында жол-көлік оқиғасы болды. Маршруттық автобус жүргізушісі жаяу жүргіншіні қағып кетті, ол алған жарақатынан сол жерде жан тапсырды, - деп хабарлады ШҚО ІІД баспасөз қызметі.
ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 3-бөлігі (Абайсызда адам өліміне әкеп соққан жол қозғалысы ережелерін бұзу) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.