01.12.2023, 15:20

Атырауда жезөкшелікпен айналысқан ер адам мен транссексуал анықталды (ВИДЕО)

Фото: stan.kz

Шетелдікке қатысты елден шығару жөнінде іс-құжаттар Көші-қон басқармасына тапсырылды.

Атырауда жезөкшелікпен айналысқандар арасында трансексуал мен ер адам анықталды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Атырау облысы полиция департаментінің Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері қала аумағында орналасқан саунада өзге облыстардан келіп жезөкшелікпен айналысқан азаматшаларды анықтап ұстады.

Еліміздің өзге облыстарынан атап айтқанда Шымкент, Алматы, Жамбыл өңірінің 8 азаматшасы анықталды. Сондай-ақ, притон ұйымдастырған 1986 ж.т. Өзбекстан Республикасының азаматшасына қатысты ҚР ҚК 309-бабымен, яғни жезөкшелiкпен айналысуға арналған притондар ұйымдастыру немесе оларды ұстау және жеңгетайлық дерегімен сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, – делінген полиция хабарламасында.  

Сонымен қатар, «Құқықтық тәртіп» іс-шарасы барысында интимдік қызмет көрсеткен Тәжікстан Республикасының 1997ж.т., трансексуал азаматы мен интернет желісі арқылы интимдік қызмет көрсету үшін тапсырыс қабылдаған ер адам белгілі болды. Шетелдікке қатысты елден шығару жөнінде іс-құжаттар Көші-қон басқармасына тапсырылды. Барлық анықталған тұлғалар жезөкшелікпен айналысқандар есебіне тіркелді.