02.12.2023, 10:30

Маңғыстау облысында бала сатты деген күдікпен 42 жастағы әйел ұсталды

Фото: Pixabay

Бұл факт "Кәмелетке толмағандар саудасы" бойынша тіркелді.

Маңғыстау облысында бала сатты деген күдікпен 42 жастағы әйел ұсталды. Сондай-ақ, тінту кезінде әйелдің үйінде есірткі сақтағаны анықталды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Полицияның мәліметінше, әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында бала саудасының фактісі анықталды.

Бұл факт ҚР ҚК-нің 135-бабы, 2-бөлігінің 1-тармағы, "Кәмелетке толмағандар саудасы" бойынша тіркелді. Сондай-ақ, әйелдің үйінде есірткі сақтағаны анықталды. Бұл факт ҚР ҚК-нің 296-бабының 2-бөлігі, "Есірткі, психотроптық заттарды, олардың баламасын өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, сатып алу, сақтау, тасымалдау" бойынша тіркелген, - деп хабарлады құзырлы ведомство.