Операция барысында Kizdar.net сайты арқылы жарияланған сауналар, денеге массаж жасайтын бөлмелер, интим қызмет көрсетілетін пәтерлер тексерілді.
Интим қызмет көрсеткен 43 қыз полицияға жеткізілді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Астана қалалық Полиция департаментінің Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері елордада жезөкшелікпен айналысу үшін үй-жайлар беретіндер мен интим қызмет көрсететіндерді анықтауға бағытталған жедел-профилактикалық іс-шараларды тұрақты негізде жүргізіп жатыр.
Осылайша, операция барысында Kizdar.net сайты арқылы жарияланған сауналар, денеге массаж жасайтын бөлмелер, интим қызмет көрсетілетін пәтерлер тексерілді.
Нәтижесінде 43 қыз полицияға жеткізілді. Жүргізілген іс-шаралардың барысында Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 450-бабы бойынша 33 әкімшілік хаттамалар толтырылды. Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 492-бабы бойынша 6, Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 440-бабы бойынша 6, ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 449-бабы бойынша 11 хаттамалар толтырылды. 1 шетелдік Қазақстан Республикасының көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін қабылдау пунктіне орналастырылды.
Сондай-ақ, 15 жеңіл мінезді қыз ақшаға жыныстық қызмет көрсеткені үшін есепке алынған. Олармен профилактикалық әңгіме жүргізілді.