Оны іздеуге еріктілер, төтенше жағдай қызметкерлері мен ұлттық ұлан сарбаздары қосылған.
Түркістан облысында жоғалып кеткен төрт жасар Айбар Бақыт әлі іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Полиция жоғалған баланы іздестіру жұмыстары қалай жүріп жатқанын көрсетіп, видео жариялады.
Оны іздеуге еріктілер, төтенше жағдай қызметкерлері мен ұлттық ұлан сарбаздары қосылған.
Үстінде сұр түсті торлы жейде, қоңыр түсті шалбар, аяғында резеңке аяқ киім (галош) болған. Полиция төрт жасар баланы іздеуге дрон құрылғысы мен иісшіл иттерді де пайдаланып жатыр.
Жоғалған Бақыт Айбар Алдиярұлы жайлы қандай-да бір мәлімет білсеңіз не болмаса көрсеңіз мына көрсетілген нөмірлерге хабарласыңыз: 102, 8-725-33-5-97-65, 8-725-33-97-40-94 8-747-497-42-24, 8-701-480-78-88, – делінген полиция таратқан хабарламада.
Еске салсақ, бұдан бұрын Түркістанда төрт жасар баланың іздестіріліп жатқанын хабарлағанбыз.